Ізденіс






Жазғанalibek
4 Мамыр 2012
ассаям алейкум ва рахматуллахи ва баракатух

Жазғанjastar
8 Сөуір 2012
салем бердік жамағатқа

Жазғанbaseke
12 Наурыз 2012
Сәлем!

Жазғанnon.stop
12 Наурыз 2012
salem!!!!

Жазғанbaseke
6 Наурыз 2012
E-mail адресіңіз қате жазылған! Қайтадан қатесіз теріп көріңіз.

Жазғанl0io
6 Наурыз 2012
E-mail адресіңіз дұрыс емес дейді!

Жазғанzhumahan___94
6 Наурыз 2012
басекке бизге бир елдеги кызыктар такырыбы

Жазғанbaseke
3 Наурыз 2012
l0io, қайтадан жазып көріңіз, мүмкін жазу уақытында қате кеткен шығар

Жазғанl0io
2 Наурыз 2012
Басеке неге комментарий жазылмайды???

Жазғанbaseke
2 Наурыз 2012
Сәлем!

Тек қана тiркелген пайдаланушылар чатта жаза алады.


Бала тілі – бал

– Тәттім менің, – деп еркелеткен анасына Сәбит:
– Мама, мені жеп көрдіңіз бе? – депті.


Аулада әкесінің трактордан асқабақ түсіріп жатқанын көрген Марат:
– Тасбақа, тасбақа! – деп айқайлап, үйге қарай қаша жөнелді.
Сасқанымыздан біз күліп жіберіппіз.


Мамасы Жанарға:
– Жанар, есіңде болсын, бүгін істеймін деген ісіңді ертеңге қалдырма, – деді. Сонда Бауыржан:
– Мама, ертең жейміз деп қойған торттан неге бүгін жемейміз? – деді.


Ұсақ тесіктері көп туфли сатып әкелген Асанға Марат:
– Сен-ақ тышқан кемірген бәтеңкеге үйір екенсің... Аларда жөндеп қарап алмай ма екен? – деді ол.
Авторы: baseke | Күні: 22-07-2011, 22:28 | Қаралған: 802 | Комментарийлар: 1


45 МИНУТТЫҢ ҚЫЗЫҚТАРЫ

Биология сабағы.
– Өмірбаев, қаңқа не үшін қажет?
– Тері түсіп қалмау үшін апай.


– Әке, мысал дегеніміз не?
– Білесің бе, балам, мысал... ол, енді қалай айтсам... Енді мысал дегеніміз... аң патшасы арыстан мен есектің сөйлесуі ғой, міне, біз сияқты.


Барсакелмес қорығы туралы не білесің?
Ұстаз сауалына парталас достың бірі былай жауап берді:
– Барсакелмес қорығы... Бұдан бұрын солай болған... Қазір тікұшақпен барып келуге болады...
Авторы: baseke | Күні: 22-07-2011, 22:22 | Қаралған: 459 | Комментарийлар: 0


Қожанасыр айтыпты

Бір кұні түнде Қожа әйеліне:
- Әй, кемпір, тұр, менің ұйқым ашылмай тұрғанда көзілдірігімді алып бер, - деді.
Кемпір түн ішінде көзілдірігінің неге қажет болып қалғанын сұрайды.
- Тамаша түс көріп едім, бұлдырап дұрыс көрінбей тұрғаны, - депті сонда Қожекең.


Итіне ат қоймай жүрген Қожанасырдың танысы оның себебін сұрайды. Сонда ол:
- Ат қойған соң тәуірін қою керек. Жақсы ат жақсы итке ғана қойылады. Ал менің итім жақсы ма, жаман ба, оны өлген соң білемін.


Біреу келіп, Қожадан арқан сұраса керек, Қожа үйіне кіріп, қайта шығады да:
- Арқан бос емес, әйелім ұн салып қойыпты, - дейді.
- Не айтып тұрсың өзің, арқанға ұн сала ма екен? - дейді келген кісі.
- Кісіге бергісі келмегенде, арқанға ұн салып қоюға да болады - депті Қожа
Авторы: baseke | Күні: 22-07-2011, 22:08 | Қаралған: 705 | Комментарийлар: 0


45 минуттың қызықтары

Мұғалім:
- Табиғаттың негізгі төрт элементін ата! - деді.
Оқушы:
- Жер, ауа, от...
- Енді біреуі қандай? Білмейсің бе? Тамақтың алдында қолыңды немен жуасың?
Оқушы:
- Таптым, сабынмен!


Мұғалім:
- Қатты зат килограммен, сұйық зат литрмен өлшенеді. Ал арақашықтық немен өлшенеді? - деді.
- Сызғышпен деді оқушы.


Мұғалім:
- Сәбит, үйге қандай тапсырма берілді, айта қойшы?
Оқушы:
- Мамамның базарына "Кубанка" деген бөрік түссе хабарла дегенсіз.
Авторы: baseke | Күні: 22-07-2011, 19:30 | Қаралған: 372 | Комментарийлар: 0


45 минуттың қызықтары

Әдебиет сабағы. Оқушылар шығарма жазып отыр. Мұғалім:
- Асан, сен неге қайта-қайта Гүлсімнің дәптеріне үңілесің?
- Жазуын тани алмай жатырмын, апай!


География сабағы болып жатқан. Мұғалім сабақ түсіндіріп болғаннан кейін өз бетімен отырған Аңғалға:
- Аңғал, осы жерде Ай алыс па, Африка алыс па? - деп сұрақ қойды.
- Әрине, Африка алыс. Өйткені біз айды көреміз, ал Африканы көрмейміз.


Ашық сабақ болып жатқан.
- Мереке, Ыбырай Алтынсаринның "Өзен" өлеңін жатқа айтшы, - дейду апай.
-Артта отырған мұғалімдерден ұяламын, - деді Мереке


Математика сабағы жүріп жатыр. Айдос ағай Мейрамгүлді тақтаға шақырды.
- Сенің колыңда 8 қалам бар. Оның төртеуін достарыңа бердің, өзіңде қанша қалам қалды? - деді.
- Мен оларға бергенше, үйдегі сіңілілеріме бергенім жақсы ғой, - деді Мейрамгүл.
Авторы: baseke | Күні: 21-07-2011, 19:43 | Қаралған: 456 | Комментарийлар: 0


Бала тілі - бал

Төрт жасар Мәдина әкесімен бірге әпкесінің үйіне қыдырып келген.
- Бұгін біздің үйде қаласың ғой? - деді әпкесі.
- Жоқ, мен өз үйімде қалғым келіп отыр, - деді Мәдина


- Қыс болса да жаңбыр жауып тұр, - деген әжесінің сөзін 3 жасар Қайрат іліп әкетіп:
- Аспандағы қар еріп, сонан соң ағып тұрған шығар, - деді.
Авторы: baseke | Күні: 21-07-2011, 17:34 | Қаралған: 540 | Комментарийлар: 0